Ақпараттық-аналитикалық анықтама.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларды білім берумен және тәрбиелеуге, сонымен бірге олардың физиологиялық, психологиялық, зияткерлік мүмкіндіктерін, жеке қабілеттерін ескере отырып білім алу қажеттіліктерін дамытуға бейімделген. Бұл, оқушы бойына адамгершілік, тұлғалық және ізгілік құндылықтарды сіңіру, жалпы білім беруде жайлы орта қалыптастыру жолында бағдарлы педагогикалық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Мектепті басқару жеке және өзін-өзі басқару принципі тұрғысында құрылған. Жалпы мектеп басшылығы басқа жалпы білім беру ұйымдары сияқты білім беру үдерісіне қатысушылардан құрылған әкімшілік кеңес арқылы атқарылады. Педагогикалық үдерісті тікелей мектеп директоры мен оның оқу ісі, әдістемелік, тәрбие және ғылыми қызметтер жөніндегі орынбасарлары басқарады.
- Мектеп қызметінің мақсаты: Өзіндік іс-әрекетті жүзеге асыруға қабілетті әлеуметтік бағыттағы шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту. Әлеуметтік-педагогикалық жағдайын қалыптастыру негізінде педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік педагогикалық құзырлылығын жетілдіру және олардың білім дайындығының сапасын көтеру
- Мектептің әдістемелік тақырыбы: Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. 2025-2026 оқу жылынан бастап мектептің миссиясы-Сыни ойлауға қабілетті, жауапкершілікті, бастамашыл, құзыретті тұлға тәрбиелеу. Қойылған мақсат мен міндеттерге сәйкес әдістемелік жұмыс келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: ұжымдық әдістемелік қызмет - педагогикалық және әдістемелік кеңес жұмысы; кадрларды таңдау және орналастыру; топтық әдістемелік қызмет – ӘБ жұмысы; мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін, біліктіліктерін көтеру; ақпаратты-кеңестік қызмет – жас және жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс; жеке әдістемелік және жаңашыл қызмет- тәжірибе жұмыстарды талдап қорыту, әдістемелік семинар, конференцияларға қатысу; диагностика-аналитикалық қызмет, педагогикалық қызмет; мектеп кабинеттерін әдістемелік материалдармен жаңартып, толтыру, әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету.
- Әдістемелік кеңестің мәжілісі, ӘБ отырыстары жоспарға сәйкес 5 рет өткізілді. ӘК-де 2025-2026 оқу жылындағы ӘБ жұмыс жоспарлары, бейінді оқыту бағдарламалары, онкүндіктер уақыты, жоспары, пән бойынша мектепішілік, қалалық олимпиада нәтижелерін сараптау, мектепішілік ғылыми жұмыстар сайысының қорытындысы, т.б. тақырыптар кеңінен талданып қарастырылды. ӘБ-де күнтізбелік-тақырыптық жоспар, жұмыс жоспарлары, пәндік онкүндіктерді өткізу, дарынды оқушылармен жұмыс, тестілеу нәтижелері, жаңа технологияларды қолдану, қашықтық олимпиадаларға қатысу, озат педагогикалық тәжірибені үйрену, т.б. тақырыптар талқыланды. Әдістемелік кеңес, бірлестіктердегі тақырыптар әдістемелік жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін оңтайлы шешуге мүмкіндік беруге бағытталды.
- Оқушылардың және оқытушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашатын пәндік онкүндіктер әдістемелік жұмыстардың дәстүрлі жұмыс түрі болып табылады. 9 бірлестік бойынша ұйымдастырылған онкүндіктер бұған мысал бола алады. Онкүндіктер жоспарына сәйкес ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектепішілік іс-шаралар мен іс-әрекеттің өзара байланысты жүйесі ретінде мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталған. Пән онкүндіктері барысында мұғалімдер жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті, олар өткізген алуан түрлі жұмыс формалары оқушылардың қызығушылығын арттырды. Интеллектуалдық деңгейді қажет ететін мектеп, қала, облыстық түрлі шараларға қатысатын оқушылар саны артты.
Ал, онкүндіктер тақырыбы мен жүйесі төмендегідей жоспарланып өтілді.
2025-2026 оқу жылында өтілетін апталық пен онкүндіктер
|
р/с |
Әдістемелік бірлестік атауы |
Өткізетін уақыты |
Пәндік бірлестіктердің әдістемелік тақырыбы |
|
1 |
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің әдістемелік бірлестігі Жетекшісі: Утебаева Ж.А. |
05.09-15.09. 2025ж. |
«Креативті ойлау мен сын тұрғысынан ойлауды дамытуда тіл мен әдебиеттің мүмкіндіктері» |
|
2 |
Дене шынықтыру пәндерінің әдістемелік бірлестігі Жетекшісі: Әуезбеков Е.Т. |
29.09-10.10. 2025ж. |
«Салауатты, сауатты ұлтжанды әрі жан-жақты ұрпақ -жарқын болашақ негізі» |
|
3 |
Ағылшын тілі пәндерінің әдістемелік бірлестігі Жетекшісі: Самотина Л.В. |
10.11-21.11. 2025ж. |
«Использование цифровых игровых технологий и интерактивных платформ для повышения мотивации в обучении английскому языку» |
|
4 |
Тарих, құқық пәндерінің әдістемелік бірлестігі Жетекшісі: Бекентаев С.Ж |
08.12-19.12. 2025ж. |
«Тарих пәні бойынша ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» |
|
5 |
Математика, физика, информатика пәндерінің әдістемелік бірлестігі Жетекшісі: Қалдыбай М.С. |
19.01-30.01. 2026ж. |
«Білім мен ғылымның тоғысында тұрған МИФ – заманауи білімнің негізі” |
|
6 |
Жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестігі Жеткшісі: Кемпирова А.С. |
09.02-20.02. 2026ж. |
«Жаратылыстану білімдері-өмір мен табиғат байланысы» |
|
7 |
Бастауыш cынып әдістемелік бірлестігі Жеткшісі: Егінбаева А.К. |
23.02-06.03. 2026ж. |
«Сапалы білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” |
|
8 |
Орыс тілі мен әдебиет пәндерінің әдістемелік бірлестігі Жетекшісі: Шалдыбаева А.И |
06.04-17.04. 2026ж. |
«Тілдік дағдыларды дамыту әдістері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» |
|
9 |
Көркем еңбек және музыка пәндерінің әдістемелік бірлестігі Жетекшісі: Ермаганова М.А. |
20.04-30.04. 2026ж.
|
«Музыка мен еңбек - шығармашылық әлемінің кілті» |
Сонымен қатар мектепішілік конференция, семинарлар да жоспарға сай мәнді ұйымдастырылды. Конференцияда дайындалған мұғалімдердің мақалалары биылғы оқу жылында өткізілген түрлі деңгейдегі конференцияларға ұсынылып, конференция материалдарына енгізілді.
- Оқытудың жай-күйі және білім сапасының серпінділігі
Оқу озаттары
|
Оқу жылы сыныптар |
2023-2024 |
2024-2025 |
2025-2026 |
|
1-11 |
158 |
178 |
172 |
Оқу екпінділері
|
Оқу жылы сыныптар |
2023-2024 |
2024-2025 |
2025-2026 |
|
1-4 |
185 |
139 |
103 |
|
5-9 |
270 |
224 |
65 |
Үлгірмеушілер
|
Оқу жылы сыныптар |
2023-2024 |
2024-2025 |
2025-2026 |
|
1-4 |
- |
- |
- |
|
5-9 |
- |
- |
- |
|
10-11 |
- |
- |
- |
|
барлығы |
- |
- |
- |
Жыл қорытындысы
|
Оқу жылы
|
2023-2024 |
2024-2025 |
2025-2026 |
|
Үлгірімі |
100% |
100% |
100 |
|
Сапасы |
58,9% |
58% |
55,1 |
1-4 сыныптар арасында білім сапасы мен оқу үлгерімінің 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіштері
|
Оқу жылы |
Бейінді сыныптар саны |
Оқыту тілі бойынша барлық оқушылар саны |
Білім сапасы % |
Үлгерім % |
||||
|
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
|
|
2023-2024 |
- |
- |
|
|
|
|
100 |
100 |
|
2024-2025 |
- |
- |
365 |
114 |
53,1 |
53,5 |
100 |
100 |
|
2025-2026 |
|
|
334 |
76 |
71,8 |
75 |
100 |
100 |
Қазақ тілінде оқытылатын 5-11 сыныптар арасындағы білім сапасы мен оқу үлгерімінің 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіштері
|
Оқу жылы |
5 сынып |
6 сынып |
7 сынып |
8 сынып |
9 сынып |
10 сынып |
11 сынып |
|||||||
|
2023-2024 |
71 |
100 |
50 |
100 |
59 |
100 |
47 |
100 |
45,8 |
100 |
37,6 |
100 |
34,5 |
100 |
|
2024-2025 |
50 |
100 |
63,3 |
100 |
44,4 |
100 |
52,8 |
100 |
45,2 |
100 |
50 |
100 |
44,5 |
100 |
|
2025-2026 |
65,1 |
100 |
49 |
100 |
54 |
100 |
48 |
100 |
48 |
100 |
31 |
100 |
54 |
100 |
Орыс тілінде оқытылатын 5-11 сыныптар арасындағы білім сапасы мен оқу үлгерімінің 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіштері.
|
Оқу жылы |
5 сынып |
6 сынып |
7 сынып |
8 сынып |
9 сынып |
10 сынып |
11 сынып |
|||||||
|
2023-2024 |
61,5 |
100 |
40 |
100 |
51,8 |
100 |
52 |
100 |
41 |
100 |
61,5 |
100 |
41,6 |
100 |
|
2024-2025 |
63,9 |
100 |
56,5 |
100 |
44,4 |
100 |
46 |
100 |
52 |
100 |
53,8 |
100 |
72,7 |
100 |
|
2025-2026 |
39 |
100 |
52 |
100 |
33 |
100 |
50 |
100 |
43 |
100 |
46 |
100 |
30 |
100 |
Жалпы мектеп бойынша білім сапасы мен оқу үлгерімінің 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіштері
|
Оқу жылдары |
2023-2024 |
2024-2025 |
2025-2026 |
|
Барлық оқушы саны |
1263 |
1183 |
1022 |
|
«Алтын белгі» |
- |
- |
1 |
|
Үздік аттестатқа бітіргендер |
2 |
2 |
2 |
|
Негізгі мектепті үздік аттестатқа бітіргендер |
1 |
5 |
6 |
|
Озаттар |
158 |
178 |
172 |
|
Екпінділер |
455 |
363 |
391 |
|
Үлгірмеушілер |
- |
- |
- |
|
Сапа |
58,9% |
58% |
55,1% |
|
Үлгірім |
100% |
100% |
100% |
Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда оқу озаттары 6 оқушыға азайып, оқу екпінділері 28 оқушыға көбейгенін байқауға болады. Оқу сапасы 2024-2025 оқу жылымен салыстырған 2,9% пайызға төмендеген. 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша үлгірмеуші оқушы жоқ.
|
№ |
Жоғары көрсеткішке әсер ететін себептер |
Төменгі деңгей көрсету себептері |
|
1 |
Бастауыш сынып, орта буындардың көпшілігінде ата-ананың қадағалауы ерекше болады |
Жоғары буында оқушылардың ынтасының төмендеуі жиі кездеседі, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі |
|
2 |
Сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің талаптары күштірек болады, пәнге деген қызығушылықтарының басым болуы жақсы әсер етеді. |
Бағдарламаның күрделене түсуінің оқушыларға ықпал етуі, әр пән мұғалімінің талаптарына мойынсұнбау, электронды оқулықтардың аз болуы |
|
3 |
Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері, АКТ қолдану, өз ісінің шеберлері, электронды оқулықтар көмегімен мультимедиялық сабақтар беру, интерактивті тақтаны қолдану, т.б. |
«өтпелі кезең», ата-ана бақылауының болмауы, сыныптағы оқушылардың көп болуы, есте сақтаулары төмен болуы, кітап оқымау, интернетте көп отыру, ұялы телефонға «байлаулы», уақытты тиімсіз пайдалану |
|
4 |
1-4, 5-10 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшкелі бағалау өзгеріп, бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалауға төселген, яғни ауызша айтуға жоқ кейбір оқушылар жазба жұмысына тиянақтылық көрсетіп дағдылануда |
Жазба жұмысында (бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалауда) өз білімін көрсете алмай жатқан оқушылар да кездесіп жатыр, эссе жазуда, логикалық тапсырмаларда ойланбай жаза салу да көрініс табуда |
|
5 |
Сыныптарда қашықтан оқытуда ата-аналар көмегі, уақыт бөлу, оқушылардың қадағалауда отыруы, жоғары сынып оқушыларының «мобильді» болуы, тез арада ақпаратпен алмаса алуы |
Жоғары сынып оқушыларының жауапкершілік таныта алмауы, кері байланысқа үнемі түсе бермеуі |
- Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың тиімділігі
Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар негізінен пәндер бойынша олимпиада, қашықтық олимпиада, интернет олимпиада, түрлі деңгейдегі сайыс, байқау, республикалық, халықаралық ойындарға, т.б. қатысу болып табылады. Бұлардың әрқайсысының оқушы танымын, белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
Жеті модуль бойынша сабақтарын құрып, коучинг, семинар-практикумдарын өткізіп, өз тәжірибелеріне кеңінен енгізуде. Мектепте 9 бірлестік жұмыс жасаса, соның бәрінде де жүзеге асырылуда. Оқыту іс-тәжірибесінде жаңаша білім беру технологияларын қолдану оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық, адамгершілік дамуының міндетті шарты болып табылады, яғни жеке тұлғаның әлеуметтенуіне игі әсерін тигізеді. Жаңаша білім беру технологияларын қолдану нәтижесінде мектептегі оқыту мен үлгірімнің сапа көрсеткіші қалыпты деңгейде. Сабақта технологияларды қолдану оқушылардың өзін-өзі көрсетуіне және табысқа жетелейді.
- Оқу және тәрбие үрдісін әдістемелік қамсыздандырудағы мектеп әкімшілігінің қызметі
Мектеп әкімшілігі жоспарланған іс-шаралардың уақытында өтуіне мұрындық болып, сапалы өткізілуіне тікелей басшылық жасап отырады, мақсатты жұмыс жүргізе біледі. Білім сапасын көтеруді басты назарда ұстады. Салауатты өмір салтын ендіруге байланысты жұмыстар жандандырылды. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылыми-әдістемелік жұмыстардың сапасын арттыруда ата-аналармен тығыз байланыс орнатылды. Мұғалімнің қазіргі заманға сай кәсібін жетік білуі, оның өз ісінде жаңа технологияны шебер пайдалануы, жастарға әлемдік стандартқа сай білім беруі, компьютерлік технологияны меңгеру арқылы электрондық оқу құралдары мен интернет сайттарын қолдануы, сол сияқты педагогикалық үрдістерді жаңа ғылыми-әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыра білуі бүгінгі күннің басты талабы болғандықтан, жұмыс түрлері осы негізге бағытталды.
- Білім беру ұйымының жеке сайты бар, мектеп туралы ақпарат толық көрсетілген
- Педагогикалық ұжымның келесі оқу жылында жұмыс жасайтын проблемасы: «Сыни ойлауға қабілетті, жауапкершілікті, бастамашыл, құзыретті тұлға тәрбиелеу» тақырыбын жалғастыру









