«Кітап оқитын ұлт» жобасы –Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтарарасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама жүзеге асуда. Қостанай қаласында өткізілген облыстық іс-шараға Арқалық қаласынан Бейімбет Майлин атындағы №3 және Кейкі батыр атындағы №4 мектеп оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды!
Қараша айынан бастау алған «Кітап оқитын ұлт» жоба барысында Кейкі батыр мектебінің басшымыздан бастап барлық ұстаздары, сынып жетекшілері мен тіл мамандары бір кісідей жұмылып, ортақ мақсат жолында аянбай еңбек етті. Бірліктің арқасында «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екенін дәлелдеп, үлкен жетістікке қол жеткіздік.
Осы жоба аясында «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мектеп» бағыттары бойынша ұстаздарымыз, ата-аналарымыз және оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, зор қуанышқа бөледі.
Ата-аналарды ұйымшылдықпен тарта білген сынып жетекшілерге «Кітап оқитын педагог» бағыты бойынша белсенділік танытқан ұстаздарымызға, сондай-ақ жобаны жоғары деңгейде қорытындылаған оқушыларымыздың талпынысы – бәрі де үлкен еңбектің жеңісі!
Жақсының жақсылығын айт! Биылғы оқу жылында әртүрлі іс-шаралар өткізілуде! Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы (1970 — 1975) қызмет атқарған, Өзбекәлі Жәнібеков. Билік басында жүрсе де еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды түгендеу, зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмысына бейжай қарамағандығы әмбеге аян. Қаламызда, білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген, Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай, «Эссе» байқауы ұйымдастырып жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз Түркістан қаласына сәуір айының 24-ші жұлдызында аттанады! Осы іс-шараға қатысқан 10 сынып оқушысы 2-орын иегері, Бақытжан Айару. Жетекшісі Утебаева Ж.А. Сонымен қатар, 3-орын иегері 9-сынып оқушысы Жұмабек Інжу. Жетекшісі Калиева Нурсулу.










