Мектебіміздің намысын қорғаған "Сыныптастар" командасы Қалалық жайдарман ойыны "Кино Маусымы 2026" сайысында керемет өнер көрсетіп, 10 команданың ішінен Жартылай финалға жолдама алды!
Сахнада тапқырлығымен, әзілімен және командалық рухымен көзге түскен жігіттерге алғысымыз шексіз. Бұл – еңбектің, дайындықтың және бірліктің жемісі.
Команда жетекшісі: Манат Әділет Манатұлына шәкірттерін дұрыс бағыттап, сенім артқаны үшін ерекше рахмет!
Алдағы Жартылай финалда да тек жеңіс тілеймін! Мектебіміздің атын әлі талай биіктерге шығарасыздар деп сенемін.










