Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай елімізде түрлі мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы мерейтой аясында «Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақ» тақырыбымен бастауыш сынып оқушыларына арналған IV аймақтық пәндік олимпиада өтті.
Бұл білім сайысында мектебіміздің 3-сынып оқушылары ерекше дайындықпен қатысып, өздерінің білім деңгейін жоғары дәрежеде көрсетті. Нәтижесінде жас білімпаздарымыз олимпиадада І орынға ие болып, мектеп абыройын асқақтатты.
Оқушылардың осындай жетістікке жетуінде жетекшілердің еңбегі зор.
Сәрсен Гүлзинат Ерланқызы
Қасымхан Балнұр Біржанқызы
Олар шәкірттерін ынталандырып, білімге деген қызығушылығын арттырып, олимпиадаға жан-жақты дайындады.
Бұл жеңіс – жас буынның білімге деген құштарлығының, ұстаздардың еңбегінің және мектептің сапалы білім беру жолындағы табандылығының айқын дәлелі. Ыбырай Алтынсариннің «Білімді ұрпақ – келешектің тұтқасы» деген ұстанымы бүгінгі жас жеткіншектердің бойынан көрініс тауып отыр.
Олимпиададағы жеңіс – мектеп тарихындағы маңызды жетістік. Бұл оқиға оқушыларға жаңа серпін беріп, білім жолындағы ізденістерін жалғастыруға шабыттандырды.










