2026 жылғы 13 мамыр күні А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Ғылыми жобалар байқауына 13 секция бойынша 48 оқушы қатысып, өз жобаларын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша 30 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орын иегерлері республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне жолдама алды. Информатика секциясы бойынша – Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Махтин Санжар. Жетекшісі: Алмагамбетов Руслан Кайырбекович.