Оқушыларға жобаға тіркелу тәртібі, ұсынылған кітаптар тізімі, кітап оқудың маңызы мен жобаның негізгі мақсаты жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани-танымдық дамуына ықпал ету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2025–2026 оқу жылында Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары «Кітап оқитын ұлт» жобасының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі орындардан көрініп, жоғары нәтиже көрсетті.
Мектебіміздің сол кездегі 7 және 9-сынып оқушылары білім мен ізденістің арқасында жеңімпаз атанып, 1 000 000 теңге және 300 000 теңге көлеміндегі жүлделерге ие болды.
Жеңімпаздар өз жетістіктері мен кітап оқудың маңызы туралы сұхбат беріп, барша оқушыларды кітап оқуға, білім көкжиегін кеңейтуге және жобаға белсенді қатысуға шақырды.
Бүгінде олар 8 және 10-сынып оқушылары ретінде «Кітап оқитын ұлт» жобасына қайта тіркеліп, тағы бір мәрте өз бақтарын сынамақ. Өткен жылғы жеңіс оларға жаңа серпін беріп, биыл да биік белестерді бағындыруға жігерленіп отыр.
Мектебіміздің оқушылары:
Мақсұтбек Інжу
Төлеу Жанерке
Алпыс Зере
Зәкен Айару