2026 жылғы 28–29 қазан күндері өткен облыстық семинар аясында мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Кажиков Мейирим Сайлауович 5-сынып оқушыларымен «Қозғалмалы ойындар және эстафеталық ойындар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, ептілік пен шапшаңдық қабілеттерін дамыту, командалық бірлікке, ұйымшылдыққа және достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ барысында ұлттық ойындар мен заманауи эстафеталық тапсырмалар үйлестіріліп, оқушылар белсенділік танытып, өздерінің шапшаңдығы мен ептіліктерін көрсетті.
Облыстық семинар – ұстаздар тәжірибе алмасып, кәсіби шеберлігін шыңдайтын маңызды алаң. Осындай іс-шараға қатысып, өз тәжірибеммен бөлісу мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болды.
Білім мен тәжірибе тоғысқан әрбір сабақ – болашаққа жасалған қадам









