Арқалық қаласында ерекше спорттық шара өз мәресіне жетті. Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына және Арқалық қаласының құрылғанына 70 жылдық мерейтойына орай 5–6 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Бұл дода жас жеткіншектердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың достық қарым-қатынасын нығайтуға, денсаулықтарын шыңдауға бағытталды. Арқалықтағы білім беру мекемелері белсенді қатысып, жас спортшылар өз шеберліктерін көрсетті.
I орынды Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп оқушылары жеңіп алды. Жетекшісі Какимжанова Баянсулу Шалабаевна.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жарыс жас буынның спортқа деген ынтасын арттырып, қаладағы мерейтойлық шаралардың сәнін келтірді. Арқалық қаласы үшін мұндай іс-шаралар тек мерекелік сипатта ғана емес, болашақ чемпиондарды тәрбиелеудің бір жолы болып табылады.
Орындарыңыз құтты болсын!
https://arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/345-ar-aly-ta-y-sportty-mereke.html#sigFreeId7899c4b6fc









