Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығына орай ұйымдастырылған Ұлттық мектеп лигасының 5–6 сынып оқушылары арасындағы облыстық кезең бағдарламасы аясындағы үстел теннисі жарысына мектебімізден оқушылардың командасы қатысып жүлделі І орынды жеңіп алды.
Жарысқа қатысушыларды дайындағаны үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Какимжанова Б.Ш. марапатталды.
Аталған марапат – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен оқушыларды спортқа баулудағы елеулі еңбегінің айқын дәлелі. Оқушылардың жетістіктері мен белсенділігі – мұғалім еңбегінің жемісі.
Мектеп командасын лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
https://arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/352-stel-tennisi-zharysyna-mektebimizden-o-ushylardy-komandasy-atysyp-zh-ldeli-i-oryndy-zhe-ip-aldy.html#sigFreeId84d2805956









