Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына және Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Мектеп лигасы-2026» жарысы жас ұрпақтың білім мен спорттағы жетістіктерін паш ететін маңызды шараға айналды.
Бұл додада 5–6 сынып оқушылары арасында өткен бестабан сайысында мектебіміздің командасы ерекше дайындық пен ұйымшылдық танытып, І орынға ие болды. Оқушылардың табысты өнер көрсетуіне жаттықтырушы Бортин Рақымжанның еңбегі зор болды. Ол шәкірттерін ынталандырып, жеңіске деген жігерін арттыра білді.
Жарыс барысында жас жеткіншектер өздерінің білімін, ой ұшқырлығын және командалық рухын көрсетіп, мерейтойлық шараның мәнін одан әрі айшықтады. Бұл жеңіс – мектеп тарихындағы мақтанышқа толы сәттердің бірі.

Мектебіміздің оқушыларына алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!