Қостанай облысында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай "Кітап оқитын ұлт" жобасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Өңірде жүзеге асқан ауқымды бастама 55 мың қатысушыны қамтып, кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттаған ірі қоғамдық қозғалысқа айналды.
"Кітап оқитын адам — әрқашан білімімен озық, ойы ұшқыр және кез келген ортада бәсекеге қабілетті болады. Біздің басты мақсатымыз — жастарды тек білімді ғана емес, сонымен бірге терең ойлайтын, рухани бай тұлға ретінде тәрбиелеу. Дәл осы жоба — болашақ зияткер ұлтты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам" – деді өңір басшысы.
Жоба Қостанай облысының 16 ауданы мен 4 қаласын қамтып, 300-ден астам білім беру ұйымын біріктірді.
Жалпы 1200-ден астам интеллектуалдық іс-шара (квиздер, дебаттар, кітап талқылаулар) өткізілді. Нәтижесінде кітапханаларға келушілер саны мен жаңа оқырмандар қатары айтарлықтай артты. Бұл көрсеткіштер өңірде кітап оқу мәдениетінің тұрақты қоғамдық құндылыққа айналып келе жатқанын көрсетеді.
Жобаның нәтижелілігін қамтамасыз еткен басты факторлардың бірі – педагогикалық қауымдастықтың белсенді қатысуы.
Жобаға 11 мыңнан астам педагог қатысып, мұғалімдер кітапханалармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, оқушыларды жүйелі түрде кітап оқуға баулыды және оқу процесін тұрақты сүйемелдеді. Нәтижесінде балалардың жобаға қатысу деңгейі айтарлықтай артты. Бұл тәжірибе "мектеп – педагог – кітапхана" өзара іс-қимылының тиімді моделін қалыптастырды.
Жоба нәтижесінде қатысушылардың оқу белсенділігі бірнеше есеге артты.
Мектебіміздің оқушылары осы жобаға қатысып, жеңімпаздар атанды.
View the embedded image gallery online at:
https://arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/355-kitap-o-ityn-lt-zhobasy.html#sigFreeIda893548f65
https://arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/355-kitap-o-ityn-lt-zhobasy.html#sigFreeIda893548f65









