Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы мен Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойына арналған «Мектеп лигасы–2026» жарысы жас ұрпақтың білім мен спорттағы жетістіктерін айқындайтын маңызды шаралардың біріне айналды.
Аталған дода аясында 5–6 сынып оқушылары арасында өткен гандбол сайысында мектебіміздің командасы жоғары деңгейдегі дайындық пен ұйымшылдық танытып, жүлделі І орынды иеленді.
Жас спортшылардың бұл жарқын жеңісіне жаттықтырушы Ғалымжан Исламның қосқан үлесі зор. Оның кәсіби біліктілігі мен табанды еңбегінің арқасында команда жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Мектебіміздің намысын абыроймен қорғаған оқушыларды және жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз!
https://arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/356-zh-ldeli-oryn-2.html#sigFreeId25c1e2ba31









