Aғымдағы жылдың 15ші жұлдызында, қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты ашып, алғаш сөз сөйлеген «Арқалық қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Кожакова Жанат Хасеновна. Осы жиынға арнайы Арқалық қаласы прокурорының орынбасары Халық Нұртас Талғатұлы мен Арқалық қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қоңқас Жұмабай Серікұлы қатысты. Жиын барысында, оқушылардың оқу жетістіктері мен тәрбиесі, мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастық, балаға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету жолдары талқыланды. Білім беру ұйымдарының заңдылықты сақтауы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, зорлық –зомбылықтың, буллингтің алдын алу жөніндегі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
https://arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/365-mektep-pen-otbasy-bir-ma-sat-orta-t-rbie.html#sigFreeId39882ca815









