Сенбілік барысында әйелдер қауымы мектеп ауласын тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Ал ер азаматтар қалалық саябақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық ортаның көркеюіне өз үлестерін қосты. Тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет. Мектеп ұжымы туған өлкенің көркейіп, қоршаған ортаның таза болуына бағытталған игі бастамаларды қолдайды.