Тоғызқұмалақтан 5–6 және 9–11 сынып оқушылары арасында өткен «Мектеп лигасы» жарысында Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің командасы командалық есепте І орынға ие болып, облыстық жарысқа жолдама алды!
Бұл – жас спортшыларымыздың табандылығы мен шеберлігінің, ұстаз еңбегі мен жүйелі дайындықтың нәтижесі.
Команданың жетекшісі Ауезбеков Ералхан Темирхановичті және жеңімпаз оқушыларымызды осы айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы облыстық додада команда мүшелеріне сәттілік, жігер, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Мектебіміздің мерейін биіктерде асқақтата беріңіздер!
Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!
https://arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/368-b-l-zhas-sportshylarymyzdy-tabandyly-y-men-sheberligini.html#sigFreeId230fddc052









